Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2016
  • 3030

Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі Астанада 9-шы рет өтті. Оны Қазақстанда жұмыс істейтін елшілердің әйелдері ұйымдастырған. Мұнда келушілерге кәдесыйлар мен азық-түлік таратылды. Сондай-ақ әлемнің 53 мемлекетінде жасалатын түрлі бұйымдар табыс етілді. Оларға қойылған баға да өте тартымды, яғни небәрі 200 теңгеден басталады. Сатып алушылар бұйымдардың алуан түрлілігі мен әдемілігіне дән риза. Іс-шарадан бас аяғы  20 миллион теңгедей қаражат жиналады деп жоспарланған. Бұл қаржы түгелдей қайырымдылық мақсатқа жұмсалмақ. Айта кетейік, мұндай жәрмеңке жыл сайын желтоқсанның алғашқы жексенбісінде өтеді.