Шымкентте екі жасар баланы нағашысы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді.
Сәби қаладағы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан науқасқа шұғыл қажетті операция жасалды. "Жағдайы ауыр, бірқалыпты", - дейді дәрігерлер.
Сәкен ТҰРЫСБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ХИРУРГИЯ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Политравма, ауыр бас ми жарақаты, ба миының соғылуы. Кеуде қуысы, өкпенің соғылуы. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Баланың есі комада, команың екінші жағдайында. Бала өкпені желдету аппаратымен демалып жатыр.
Куәгерлердің мәліметінше, кішкентай баланы жоғарғы қабаттан құлатқан бөтен адам емес, анасының психиатриялық есепте тұратын інісі. Жалғызбасты келіншек баласына туыстары қарайласады екен. Полиция да бұл ақпаратты растады.
Дана БЕКТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жақсы әйел. Өзі жұмыс істейді, бәрін бағып жатыр өзі. Екі баласы болған. Екі інісі болған сол үйде, келіп тұратын, соған көмектесетін балаға қарайтын. Бір інісі психиатриялық диагнозы бар болғанын естуіміз бар. Өзі де айтқан. Естіп қалдық сол кісі баласын лақтырып жіберген әйнектен. Соның алдында пульт, батарейка тастай берген далаға...Енді баланы тастады далаға.
Өмірбек БЕКБЕРДИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабымен қылмыстық іс қозғалады, 24 бабы 3 бөлігімен яғни « адам өлтіруге оқталумен» . Тергеу тобы оқиға басына шығып, тергеу амалдары жүргізіліп, анықтағаны – баланың шешесінің туған інісі психиатриялық есепте тұратын қырыққа келген азамат терезеден алып баланы лақтырып жіберген. Іздестіру шараларын жүргізу натижесінде 40 жастағы аамат ұсталып, қамаққа алынды.