Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Kazınform.
Дүбірлі дода 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өткізіледі.
Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бразилия, Испания мен Украина.
Ел құрамасы алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізеді.
Ал 1 желтоқсанда Бразилиямен шеберлік байқасса, 3 желтоқсанда Украинамен кездеседі.
Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын.
Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.
Құрамалардың топтарға бөлінуі мынадай:
A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал
В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай
С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.
D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.
Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.
F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.
G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.
H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.
Айта кетсек, 2021 жылы Норвегия құрамасы әлем чемпионы атанған еді.