Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда көшеде кетіп бара жатқанда әйелдің үстіне кірпіш құлап, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2023
  • 930

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, әйел адам жан тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14.35-те Назарбаев даңғылындағы 236 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда болған.

Әйел адам оқиға орнында мерт болған.

Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау мақсатында Орал қалалық ПБ жедел-тергеу тобы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс атқарып жатыр.