Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар пандемиядан кейін қарызға белшеден батқан

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2023
  • 732

Оның 60 пайызы – тұтынушылық несие. Бұл туралы Halyq Uni жазады. 

3 жыл бұрынғы пандемияның қазақстандықтардың қалтасына әсері әлі тоқтаған жоқ. Осы уақыт аралығында азаматтардың несиесі 30 пайыз өскен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл қарыздың 60 пайызы – тұтынушылық несие. 34 пайызы баспана ипотекасы болса, 6 пайызы автонесие сияқты өзге қажеттіліктер үшін алынған.

Бірақ қазақстандықтардың жиған қаржысы одан да көп көрінеді. Қазір жеке тұлғалардың депозиттерінде 17 трлн теңгеден астам қаржы жатыр.