Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.
Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді. Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған.
2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді.
Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.
Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.