Сыртқы
істер министрлігі мен инвестициялар және даму министрліктері құрылымдық
өзгеріске ұшырап, сыртқы істер және сауда министрлігі құрылуы мүмкін. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі «Алтын сапа» байқауы мен индустрияландару
бағдарламасына арналған телекөпір барысында осындай ойын білдірді. Инвестиция
тарта алмайтын мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босататынын ескертті. «Алтын
сапа» сыйлығы бірнеше жаңа аталыммен толыққан. Алғаш рет «Ұлы дала елі» бренді
бойынша және «Сапа көшбасшысы» бағытында
жеңімпаздар анықталады. Айгүл Әдепбай телекөпір аясында іске қосылған
нысандармен танысып қайтты.
Айгүл
Әдепбай, тілші:
Қазақстандық брендке айналған «Алтын сапа»
байқауының қорытындысын әсіресе кәсіпкерлер асыға күтетіні анық. Тауарың топ
жарып, кәсіпорның көш бастап жатса, одан артық марапат бар ма.
Биыл
алғаш рет кәсіпкерлікке қосқан үлесі үшін номинациясы бойынша «Іскер» жүлделері
тағайындалыпты. Алдымен солар табысталды. Тұңғыш рет «Ұлы дала елі» бірыңғай
бренді байқауының жеңімпаздары да марапатқа ие болды. Қазақстандық брендті
халықаралық деңгейде насихаттап жүрген отандық компаниялардың еңбегі ескерілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» байқауына қатысуға 501
кәсіпорын өтініш берген. «Алтын сапа» сыйлығынан 100-ден астам кәсіпорын
үмітті. Сыйлық үш аталым бойынша берілді. «Өндірістік бағыттағы ең үздік
кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауар шығаратын ең үздік кәсіпорын» және «Қызмет
көрсететін ең үздік кәсіпорын».
Түстен
кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дәстүрлі телекөпір басталды.
Индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың тұсауы кесілді. Бас аяғы 23
кәсіпорын іске қосылды. Телекөпірден ешбір облыс шет қалмады. Мұнай-химия,
құрылыс, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шарушылығы, тамақ және
жеңіл өнеркәсіп бағыттарында өндірістер жұмысын бастады. Ал мемлекет басшысы
отандық тауарды тұтынуға шақырды.
Сіздердің
костюмдеріңді киіп келдім. Аяқ киім де сендердік, аяғымды көтеріп көрсете
алмаймын, бірақ сендердікін киюге шақырамын.
Индустрияландыру
бағдарламасы аясында 10 айда 179,2 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асып, 4,8
мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды. Бағдарлама жүзеге асқан жылдары 4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылды,
90,6 мың адам кәсіп тапты. Елбасы Қазақстан индустриализацияның басында екенін
айтты. Елдегі шенеуніктер инвестиция тарта алмаса, шетелдіктерді шақыру керек
деді. Бірі сыртқы істерді, екіншісі инвестицияны бөлек дамытып отырған
министрліктерге өзгеріс қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
У
нас, оказывается, торговля в одном министерстве, инвестиции - в другом. Кому-то
надо за каждой компанией ходить и привлекать сюда. Так делают нормально
работающие страны. А у нас этого нет. Мы должны определить, кто этим конкретно
будет заниматься. У нас есть такие люди, которые будут говорить и привлекать?
Если нет, надо вместо них поставить иностранцев и платить деньги. Правительству
надо определиться, где будет торговля и где будут инвестиции. Может быть, на
самом деле Министерство иностранных дел должно быть Министерством иностранных
дел и торговли, как во многих странах? А Министерство индустрии должно
заниматься индустрией.
Президент
Үкіметке бір апта уақыт берді. Министрліктер мен ведомстволардың құрылымдарын
қайта қарап, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды. Ал ақша алып келген инвесторларды
елден қуғандарды мен жұмыстан қуамын деп қатаң ескерту жасады.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Я
встречаюсь, договариваюсь, они говорят: "Мы придем в Казахстан".
Приходят, тыкаются то в одно министерство, то в другое, их гоняют по коридорам
- они плюют на это и уходят из Казахстана. Это называется, мы так занимаемся
привлечением этих компаний. Поэтому я предупреждаю: все, что я в прошлом году с
кем говорил, со всеми ними должны быть проведены работы. Отчет письменный мне -
чем закончился этот разговор. Или они зашли сюда, или наши их вытолкнули
отсюда. И вот эти, кто выталкивает, не нужны они на работе мне. Я тоже выгоню
их с работы.
«Алтын сапа» байқауының гран-при иегерлерін
Президенттің өзі марапаттады. «Үздік индустриялық жоба» аталымында
«АтырауМұнайМаш» серіктестігі және «Сапа
көшбасшысы» аталымында - «Қазақстан электролиз зауыты» және «Үздік инновациялық
жоба» аталымын «Химфарм» АҚ жеңіп алды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
бойынша «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамына
тапсырылады.
Нұрсұлтан
Назарбаев телекөпір аясында өз арманымен бөлісті. Барша қазақстандықтарды
электромобильдерге отырғызуды көксейтінін айтты. Әсіресе Алматы мен Өскемен
тиімді көлікке көшсе, экология оңға басар еді деді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ