Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгілі теолог Гейдар Джемаль Алматыда жерленді

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2016
  • 2719

Алматы жұртшылығы белгілі қоғам қайраткері, теолог, философ, Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемальді ақтық сапарға шығарып салды. Ол дүйсенбі күні 70 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды. Марқұм "Бағанашыл" ықшам ауданындағы зиратқа жерленді. Танымал тұлғаны соңғы сапарға шығарып салу үшін Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Татарстаннан тума-туыс, замандастары мен шәкірттері келді.

Гейдар Джемаль 1947 жылғы 6 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. Шығыстану институтында білім алған. "Ислам комитеті" өңіраралық қоғамдық қозғалысына жетекшілік етіп жүрген жылдары ислам дінін терең зерттеумен айналысты. 

Орхан Джемаль, Гейдар Джемальдің ұлы:

Әкем осында ем алды. Өлсем, Алматыда жерлеңдер деді. Мәскеуге қайтқысы келмеді. Ол өмірінің аяқталып келе жатқанын білді. Бітіре алмаған еңбектері бар еді. Оның шәкірттері көп. Бірігіп аяқтаймыз деп ойлаймын. Тек  мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері де оны ұстазымыз деп санайды.