Русский Сайттың толық нұсқасы

Отшашу таситын жүк көлігі түгі қалмай жарылып, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2023
  • 538

Қырғызстанда Орто-Токой маңындағы Куакы асуында пиротехникалық заттары бар жүк көлігі жарылды, - деп хабарлайды 24.kg.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, Howo жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, жол апатына ұшырады. Осылайша жүк көлігі өртеніп, кейін ол отшашулар жарылуына себеп болды.

"Өрт кезінде салонда болған адам қаза тапты. Оның кім екені анықталып жатыр. Өртті сөндіру үшін екі өрт сөндіру есебі тартылды", - делінген хабарламада.