Русский Сайттың толық нұсқасы

"35 млн теңге". Қайрат Әділгерей әйеліне су жаңа көлік сатып әперді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2023
  • 2970

Танымал әзілкеш, дубляж шебері Қайрат Әділгерей жары Бақыт Тұрманға су жаңа көлік сатып әперді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қуанышты жаңалықпен өнер иесі өзінің instagram парақшасында бөлісті. 

"Құрметті достар, жанұямыздың жаңалығымен бөліскім кеп отыр. Көптен бері Бақытқа жаңа көлік сыйлауды армандап жүргенмін. Осы көлікті алдық. Баршаңызға жұғысты болсын! Бақыт құтты болсын! Былтыр алғымыз келген. Бірақ ыңғайы келмей, биыл қолымыз жетті", - дейді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, әзілкеш әйеліне әперген көлітің нарықтағы құны - 35 млн теңгеден басталады.