Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерболат Досаев хостелдегі өрттен кімдердің қаза тапқанын айтты

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2023
  • 866

Хостелдегі өрттен қаза тапқандардың он бірі-қазақстандық. Сондай-ақ, Өзбекстанның бір азаматы мен бір ресейлік болған.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Әкім оқиға орнына барды.  Досаев  жертөлелерде адамдарды орналастыруға тыйым салынғанын атап өтті. 

“Қайта жөндеп, санитарлық нормаларды сақтап орналастыруға болады, бірақ қанша адамның тұрғаны және олардың қандай мақсатта тұрғанына қатысты сұрақ туады. Жертөледегі бөлмелерді заттарды орналастыру, қойма ретінде қолдануға болады. Бірақ қазір тергеу жұмыстарынан кейін бәрі белгілі болады”, – деді қала әкімі.

Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.