Тұмаудың өршуіне байланысты Алматы, Астана және Шымкент қаласындағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы
Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, онлайн оқу туралы шешім студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған.
Қазір білім алушылардың арасында тұмаумен қатар қызылша ауруы да тарап жатыр, бірақ жұқтырғандар саны аз, деді ведомство өкілі.