Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ата-анасы жоғалып кеткен ұлымен екі жылдан кейін қауышты

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2023
  • 1647

2021 жылы Шымкентте 34 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстарының айтуынша, ол үйден шығып, қайтып оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның баруы мүмкін барлық жерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне жүгінді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінен табылды, ол жалдамалы жұмыс істеген", – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Ер адам Шымкенткежеткізілді. Қарт ата-ана мен әпкесі полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.