Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазғы шинамен жүрген көліктерге бүгіннен айыппұл салына бастады

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2023
  • 654

1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында Қазақстанда көліктер қысқы режимге ауысқан дөңгелек шинасымен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай, деп хабарлайды Kazinform.

Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша жазғы шинамен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК. Егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.