Таразда депутаттар форумы өтті. Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған шараға «AMANAT» партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Мақсат- жергілікті атқарушы орган өкілдерімен байланысты нығайту. Яғни халық қалаулары өздеріне дауыс берген сайлаушылардың мәселелерін мінберден көтеріп, оның шешілу жолдарын жеңілдетпек. Сонымен қатар шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Форум соңында депутаттар сала-сала бойынша секцияларға бөлініп, өзекті мәселелерді сөз етті.
Мұратбек ЕСМҰРЗАЕВ, САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы бойынша "Аманат" партиясының жол картасы дайындалған «Халықпен бірге» деген. Сондықтан ол жерде көрсеткіштеріміздің барлығы бар. Көрсеткішдердің орындалуы бойынша қазір біз халықпен кері байланыс ортанудамыз. Сайлаушыларымыз артымыз да тұр. Олар бізден үлкен жауап, үміт күтеді. Әр депутат өзінің сайланған округкері бойынша есептерін береді. Өйткені орындалуын біз халыққа жеткізуіміз керек.