Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады - Қазгидромет

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2023
  • 1108

«Қазгидромет» Қазақстан аумағында 2 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады.

— Республиканың батыс, солтүстік және шығыстағы өңірлерінің ауа райына Атлантикалық циклон мен сонымен байланысты атмосфералық шептер әсер етеді. Салдарынан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғуы мүмкін. Тек елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен күн ашық болады», - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша, тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.