Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы сауда орталығының бірінен ер адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2023
  • 1752

Бүгін таңертең елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды.

- 1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында «102» арнасына «Азия Парк» сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады, - делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгірелі жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.