Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 28 жастағы тұрғын өлі табылды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2023
  • 1072

Ер адамды пәтерінен анасы тапқан. Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйел қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты.

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне орай күдікті туралы мәліметтерді әзірге жария етпейтінін айтты.