«Нұр
Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында Баспасөз орталығы құрылды. Жаңа
ақпараттық алаң БАҚ өкілдеріне қажетті мәліметтер мен деректерді шұғыл түрде
алуға және пікір алмасуға мүмкіндік туғызады. Жиында сөз алған қоғам
қайраткерлерінің сөзінше, орталықта еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың
орындалу барысы қадағаланып, жаңа қабылданған заңдардың жүзеге асуы мен басқару
қызметінің тиімділігін арттыру сияқты мәселелер кеңінен талқыланады. Бекітілген
кестеге сәйкес, мұнда екі аптада бір рет жергілікті мемлекеттік органдар
басшыларының ақпараттық есебі тыңдалады. Баспасөз орталығының басты ұстанымы -
қолжетімділік.
Станислав
Канкуров, «Нұр Отан» партиясы Алматы
қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
Біздің
орталық арқылы журналистер қауымы қала тұрғындарының көкейтесті мәселелеріне
арналған тақырыптарды таңдап, ұсынуына болады. Партиялық ақпараттық пікір
алмасу алаңы қоғамдық және
қайырымдылық ұйымдар үшін ақысыз қызмет
көрсетуге дайын.
Берік
Бейсенұлы, «Айқын» газеті бас
редакторының орынбасары:
Баспасөз
құралдары шоғырланған оңтүстік астанада осы қалалық партия филиалының орталық ашуы қуанышты жағдай деп
білеміз. «Айқын» және «Литер» газеті қашанда осы Елбасының, «Нұр Отан» партиясының елімізде жүргізіп жатқан
реформаларын халыққа жеткізуде үлкен
жұмыс атқаруда.