Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезияда жанартау атқылап, 11 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2023
  • 1098

Индонезияның Суматра аралында жанартау атқылап, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі құтқару қызметі өкіліне сілтеме жасап мәлім етті.

Оның дерегінше, үш адам аман-сау табылды, тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Суматрада 3 желтоқсанда Марапи жанартауы атқылады. Алдын ала деректер бойынша, жанартау шоғы 15 мың метрден астам биікке шашыраған.