Русский Сайттың толық нұсқасы

Танзанияда су тасқыны болып, 47 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2023
  • 1203

Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен кемінде 47 адам қаза тауып, 85 адам жарақат алды.

Бұл туралы Agence France-Presse жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

«Қаза болғандар саны – 47 адам, жарақат алған – 85 адам», - деді Маньяра аймақтық комиссары Квин Сендиг.

Бұған дейін табиғи апаттан 20 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алғаны хабарланған. Қазір жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, сенбі күні Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан лай көшкіні болып, топырақ жылжыған, аймақтағы үйлер мен инфрақұрылым қираған.