Русский Сайттың толық нұсқасы

Еурокомиссия қазақстандық авиакомпанияларды «қара тізімнен» шығарды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2016
  • 2085

Еурокомиссия қазақстандық әуе компанияларды «қара тізімнен» шығарды. Бұл туралы еуропалық комиссияның сайтында ақпарат жарияланған. Аталған комиссия халықаралық стандарттарға жауап бермейтін авиакомпаниялардың тізімін жаңартты. Нәтижесінде Қазақстанның барлық әуе компаниялары қара тізімнен алынып тасталды, делінген ақпаратта.

Өткен жылы желтоқсанда тізім жаңартылып, Air Astana әуе компаниясы шығарылған еді. Жалпы, отандық әуе компаниялар бұл тізімге 2009  жылы іліккен. Ал қара тізімге енгендер ережеге сай Еуропа аймағында қызмет көрсете алмайды. 

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ