Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында жол апатынан 2 адам қаза болды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Риддер тасжолының 34-шақырымындағы Глубокое ауданының аумағында болған.
Жеңіл көлік пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты.
Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде тіл тартпай кеткен.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.