Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қостанай-Алматы» бағытындағы пойыз жекенің қолына өтеді

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2016
  • 3331

«Қостанай-Алматы» бағытындағы пойыз қаңтар айынан бастап жекенің қолына өтеді. Бірақ жолсеріктер мен техникалық жұмысшылар қысқартуға ілікпейді. Билет құны да өспейді. «Түрксіб-Астана» серіктестігінің өкілдері өңірлік филиалдың 300-ден астам қызметкеріне осылай уәде беріп отыр. Тек қызметкерлер әлеуметтік өтемақыдан қағылмақ. Темір жол саласында ұзық жылдар қызмет еткен тәжірибелі мамандар мен жол серіктер енді еңбек өтілі мен жоғары санатқа берілетін үстеме ақшадан айрылғалы отыр.

Руслан Василюк, «Солтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Бұл дегеніңіз, ұжымдық келісімшарт, еңбек өтіліңнен еш пайда жоқ деген сөз. Соған сәйкес айлық азаяды. Мәселен, бұған дейін 130-140 мың жалақы алғандар, енді  80 мың теңге ғана алуы мүмкін.

Көлік комитетінің өкілдері, мекемені жекеменшікке беру арқылы вагон паркін жаңарту мен қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеп отырмыз, дейді.

Қайриден Нұркенов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары:

Жолаушылар тасымалдау вагондарының тозығы 70 процентке жетті. Сол себептен осы ұтып алған компания осы вагондардың бәрін, яғни маршруттағы вагондарды толығымен жаңартуға уәде берді. Оның бәрі заң жүзінде іске асырылады.

Заңғар САНАЙ