Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мен оны қадаймын": Ризабек Айтмұхан Шавкат Рахмонов жайлы ойын айтты

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2023
  • 2062

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан отандасы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жайлы не ойлайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ризабек Айтмұхан бүгінде Шавкатпен бірге көп жаттығатынын айтты. Балуан оны күрестен жеңіп кететінін сенімді түрде айтса, аралас жекпе-жек бойынша оған сөзсіз есе жіберетінін мойындады.

"Екеуіміздің бірге жаттығатынымыз рас. Мен шынымен де Шавкатты қадаймын. Күрес жағынан қадаймын. Бірақ ММА жағынан таяқ жеп қаламыз. Мен оған бар білгенімді көрсетем, үйретем. Өйткені Шавкат өте мықты спортшы. Біз екеуіміз шамамен тоқтамай бір сағат бойы күресеміз. Мен оны ұта берсем де, "жалғастыра берейік, күресе берейік" дейді. Бүкіл жағынан чемпион болғысы келеді. Боксшыны бокстан ұтқысы келеді. Еркін күрес балуанын еркін күрестен ұтқысы келеді. Сол қасиетіне, талпынысына таңғаламын", - деді Ризабек.