Астанада күн райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқытуға көшірілді.
Таңертең елордалық білім басқармасы 5 желтоқсанда күн райының нашарлауына байланысты "0-11 сынып оқушылары мен колледждің бірінші ауысымындағы студенттері қашықтан оқыту форматына көшіп жатқанын" хабарлады.
Кейін ведомство екінші ауысымдағы оқушылардың да қашықтан оқытуға көшіп жатқанын хабарлады.
"2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі", делінген Астана қаласының білім басқармасының хабарламасында.