Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар театрында "Нартәуекел" драмасының премьерасы өтті

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2016
  • 5455

Астананың Жастар театрында - жаңа қойылым. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушы драматург Әбіш Кекілбаевтың "Нартәуекел" драмасының премьерасы өтті. Елордалық өнерсүйер қауымға бұл қойылым 2 күн қатарынан  ұсынылды. Туындыны  тамашалауға келушілердің қарасы қалың. Халықтық дастанды сахналаған режиссер - Нұрқанат Жақыпбай. Шығармамен жұмыс істеу күрделі болды. Себебі бұл қатардағы қойылым емес, қаһармандыққа арналған ерекше туынды,  - дейді режиссер.

Нұрқанат Жақыпбай, режиссер, Жастар театрының көркемдік жетекшісі:

Астарлы, көпмағыналы сөздер көп және ақ өлеңмен жазылған. Жастар театры болғандықтан, басқа елге еліктемей өзіміздің жастарға арнап солардың тілінде сөйлетуге тырыстық.  

Шыңғыс Жақыпбай, Жастар театрының актері:

Абылай ханды ойнау деген маған өз басыма өте қиын. Өйткені сондай режиссердің сенімі. Соны ақтап шығу деген басымда ой болды.  

Айбек ҚОСАН