Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған ер адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2023
  • 777

Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған ер адам көз жұмды, полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 22:16-да жоғарыдан құлау фактісі туралы шақырту түскен. Медициналық топ оқиға орнына бес минутта жеткен. 

"44 жастағы ер адам өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алу салдарынан қайтыс болған", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Екібастұз полиция басқармасы аталған фактіні тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр