Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram-дағы сторисінде жаттығуынан фото жүктеп, карьерасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Босанғаннан кейін үш айдан соң қайта жаттыға бастадым және Араб лигасының чемпионы атанып, маусымды сәтті өткіздім.
Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ. Иншааллах", - деп жазды спортшы.