Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2023
  • 799

Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады.

Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген, – делінген прокуратура хабарламасында.

 Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін оларға халықаралық іздеу жарияланған.

 Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.