Русский Сайттың толық нұсқасы

Садыр Жапаров өзіне сыйлық беруге тыйым салды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2023
  • 707

6 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 55 жасқа толды. Ол шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов мәлім етті.

"Оның барлық жағынан еліміздегі жағдайды өзгерте алғаны, ол белгілеп берген қарқын – трансформацияның тарихи ауқымы. Президетке алған бетінен қайтпауын тілер едім",-дейді Еділ Байсалов.

Байсалов елде жүргізіліп жатқан реформалар бастапқыда ауыр болғанын атап өтті. Сондықтан көптеген қырғызстандыққа көзқарасын өзгертуге, басқаша жұмыс істеуге, ал экономикаға бейімделуге тура келеді.