Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық балалар мен олардың ата-аналары БҰҰ комитетіне тікелей шағымдана алады

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2023
  • 810

Сенат депутаттары "Бала құқықтары туралы конвенцияға хабар алмасу тәртібіне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Хаттамада БҰҰ комитетіне тікелей шағым беру қарастырылған.

Бала құқықтары туралы конвенцияға Хабарлама процедурасы туралы факультативтік хаттаманы БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы 19 желтоқсанда қабылдады. Бұл Қазақстан 1994 жылы 8 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына қосымша келісім.

"Заңның мақсаты - Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтар бұзылған жағдайда балалардың немесе олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жеке шағымдарын қарау тетіктерін белгілейтін хаттаманы ратификациялау. Хаттамаға сәйкес балалар немесе олардың өкілдері құқықтарының бұзылуы туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағым бере алады, ол өз кезегінде әрбір істі қарайды және қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстарды қамтитын шешімдер қабылдайды".
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп

Әділет министрі Азамат Есқараев 2023 жылғы 6 желтоқсанда Мәжіліс алаңында БҰҰ сарапшысының Қазақстанда балаларды физикалық жазалауға тыйым салуды енгізу туралы ұсынысына түсініктеме берді.