Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қарызсыз қоғам»: Жоба аясында 65 мың отандасымыз қаржылық сауатын арттырды

"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында биыл 65 мың адам қаржылық сауатын арттырған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының жылдық қорытынды іс-шарасында айтылды. Шараға партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысып, қаржылық сауатын арттыруға атсалысқан сарапшыларды алғыс хатпен марапаттады.

Ақмарал БЕКМҰРЗАЕВА, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Қатысушылардың орташа жасы 43-те. Олардың 65%-да несие бар. Қарызын төлеу мерзімі 90 күннен де асып кеткендердің үлесі – 18%. Әрбір екінші қатысушының жиынтық отбасылық табысы 100 мың теңгеге де жетпейді. Біз бұл адамдарға қаржылық қиындықтардан арылуға және қарызсыз жаңа өмір бастауға көмектесуге тырысамыз.
Мақпал ЧЕНГЕЛЬБАЕВА, ҚАРЖЫЛЫҚ САРАПШЫ:
Салыстырмалы түрде айтсақ бұл жерде айлықтары көп болсада аз болсада осы жоба қарызсыз қоғам қаржылық сауаттылықты арттыру керек екені көрініп тұр. Өйткені 85 мың алса да адам несиеде жүр, 300 мың алсада адамдар несиеде жүр. Халықтың жағдайы осындай бағдарлама арқылы көтеріліп жатыр. Алғысымды айтам.