Соңғы бір жылда еліміздегі конституциялық реформалар аясында бірнеше мәрте сайлау өтті. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының жұмысы ерекше. Биыл осы құрылымға 30 жыл. Осыған орай Астанада «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау органдарының бірыңғай жүйесін басқарады. Мемлекеттік деңгейде сайлау процесін бақылайтын арнайы орган. Орталық құрылғаннан бері мемлекеттік биліктің заңды институттарын қалыптастыруға тікелей ат салысып, елдің қалыптасу тарихымен бірге өсіп келеді.
Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
30 жылдық деп тұрмыз той тойлау емес, қайта ой ойлау. Өйткені, соңғы бір жылдың ішінде конституциялық реформаларды аясында өте маңызды ірі сайлау компаниялары өтті. Білесіздер Президенттік сайлау өтті, одан кейін Сенат депутаттарын, Мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Жақында ғана алғашқы рет тікелей біздің халқымыз, тұрғындарымыз 45 ауданның әкімдерін сайлады. Әрине осындай үлкен жұмыстардан қорытынды шығаруымыз керек. Тәжірибе алмасуымыз керек.
Шараға 16 елдің делегациясы, 6 халықаралық ұйымның басшылары қатысуда. Мерейтой аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, сайлау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланған екі тақырыптық сессия өттті. Біріккен Ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары Леонид Анфимов ОСК-ның кәсіби деңгейін жоғары бағалады.
Леонид АНФИМОВ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттарға сай келетін, еліміздің әрбір азаматына өз еркін білдіруге және сайлауға және сайлануға құқық беретін жүйе қалыптасты. Комиссия мүшелерінің, қызметкерлердің кәсібилігі, заңнама мен қағидаттарға сүйене отырып жоғары деңгейде референдум өткізу жақсы нәтиже. Демократиялық сайлау республиканың өзінде де, оның шегінен тыс жерлерде де жоғары беделге ие болды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркия, Армения және Өзбекстан Жоғары сайлау комиссиясымен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Бұл бізді одан әрі жетілдіруге, сайлау жүйесіне ІТ-технологияларды енгізуге, саяси оқиғаларға кадрларды дайындауға мүмкіндік береді.
Зайниддин НИЗАМХОЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Президент сайлауы мен Парламент сайлауы кезінде бақылаушы болдық. Тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық әріптестеріміздің кәсібилігі жоғары. 30 жыл ішінде Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының тәжірибесі бізге қатты әсер етті. Бүгін біз Өзбекстанда да, Қазақстанда да демократиялық сайлау өткізуге одан әрі пайда әкелетіндей келісімге қол қойдық. Бұл меморандумға қол қою, менің ойымша, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.
Халықаралық конференция екі күнге созылады. Бірінші күн сайлау және сайлау құқығы саласындағы практиктер мен сарапшылардың сауатты, жан-жақты талқылауымен аяқталды. Сондай-ақ сайлау жүйелерін дамытудың қазіргі тенденциялары қызу талқыланды.