Әлемді мойындатқан әнші Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, әкесі өзінің ғана емес достарының, бауырларының да ұстазы бола білген.
"Бүгін ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай, менің ғана емес, менің барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай!" - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Қанат Айтбаев - әнші. Ол 1971 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық институтта сабақ беріп, Ақтөбе облыстық филармониясы мен Достық үйінің директоры қызметтерін атқарған.