Русский Сайттың толық нұсқасы

Аида Балаева Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2023
  • 629

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту жөніндегі тығыз және сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.

Кездесу соңында Аида Балаева мен Алексей Бородавкин жастар саясаты, креативті индустрия саласын дамыту және басқа да маңызды бағыттардағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.