Русский Сайттың толық нұсқасы

-43° аяз және қалың қар: Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған күн райы болжамы жарияланды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2023
  • 773

Синоптиктер еліміз бойынша 9-11 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді.

"Республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жаңбыр мен қар жауады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерлері мен тауларда қалың қар жауады", – дейді синоптиктер.

 Түнде ауа температурасы:

солтүстік-батыста -20-37°-қа дейін,

солтүстікте -30-38°-қа дейін,

елдің қиыр солтүстігінде -40-43°-қа дейін,

орталықта, елдің шығысында -25-35°-қа дейін төмендейді.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.