Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екі қалада тұрамыз": Әнші Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуі туралы айтты

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2023
  • 743

Танымал әнші, талай хит әндердің орындаушысы Мақпал Исабекова алғаш рет жолдасы туралы айтты. Әншінің оқырмандары күйеуінен бөлек тұратынын да байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің Теодр есімді ұлы бар. Сондай-ақ әнші сырқаттанып қалғанын да айтты.

“Күні бойы басым ауырып, қан қысымым көтерілді. Тек жаттым. Енді ғана басымды көтеріп отырмын. Айтпақшы күйеуімнің қасындамын. Біз біргеміз. Еш алаңдамаңыздар”, – деп фото жүктеді.

Желі қолданушысының бірі әншіден күйеуі жайлы сұраған болатын. "Күйеуіңіз қайда?" деп жазған әншіге оқырманы. Ал өнер иесі өзінің баласымен Алматыда, ал күйеуінің Шымкент қаласында тұратынын айтты.

"Осы секілді сұрақ өте көп. Күйеуіміз екеуіміз екі қалада өмір сүреміз. Мен баламен Алматыдамын. Ал ол Шымкент қаласында. Өйткені, сол жақта жұмыс істейді. Біз танысқан кезде солай болатын. Қазір де ештеңе өзгермеді. Ол мүмкіндігінше келіп тұрады. Біз оны сағынамыз, бірақ үнемі жанымызда болуын талап ете алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққан алғашқы жылы оның жанында болдым", – деді әнші.