Елордада жүкті әйелдер саны 17 мыңнан асады. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, денсаулығына немқұрайлы қарайтындар немесе бала босануға жағдайы мүлдем келмейтін қыз-келіншек көп. Ана мен бала өлімінің себебі жүктілік, не босану емес, әйел денсаулығында болған кінәраттар немесе жүктілік кезінде пайда болған әртүрлі ауру екенін алға тартады. Бұл -әлемдік мәселе, халықаралық мамандар соның шешімін табуға тырысуда.
Зайтуна ХАМИДУЛЛИНА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Өкінішке қарай, операциямен босанатын келіншектер көбейді. Көп жағдайда жасы 40-қа кеп қалғандар. Денсаулыққа дұрыс қарамағандар. Оның үстіне өте ірі болып дүниеге келетін нәрестелер саны артты. 4-5 келіден асатын сәбиді табиғи жолмен дүниеге әкелу оңай емес. Олай ірі болып дүниеге келудің өзі де нәресте үшін қауіпті. Қазір медицина дамыған. Сондықтан жүктілікті анықтаған бойда болашақ аналар мамандардың кеңесі мен көмегіне жүгінсе дейміз.