Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да скарлатина шыққан Тасқала ауданындағы балабақша карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында балалар арасында тараған қауіпті дерттен 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Тасқала ауылындағы балабақшада 6 баланың скарлатинаға шалдыққаны анықталды. Бақша карантинге жабылған. Қазір тағы бір бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Көз жұмған қыз балаға патолого-анатомиялық сараптама жасалды. Өлімге нақты қандай аурудың себеп болғаны қосымша зерттеулерден кейін белгілі болады.

Ерлан ТОҚСАНОВ, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Аудандық ауруханаға қызумен, демікпемен түседі ғой. Оны қазір сол қалпында қалаға алып кетудің өзі жағдайды одан сайын нашарлататын болады. Сондықтан бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлай береді. Оның бәрі енді үйден түскен кезде асқынып түскен. Балаларда вирустық бактериялық пневмония тез дамып кетеді.
Биыл өңірде 700 адам скарлатина жұқтырған. Оның дені - жасы 14-ке толмаған бала. Мамандардың айтуынша, негізінен иммунитеті әлсірегендер ауруға бейім болады. Ал бала өлімі аймақта алғаш рет тіркелген.

Мұхамғали АРЫСПАЕВ, БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бізде скарлатинаға вакцина жоқ. Тек қана өзіндік гигиенаның ережесін сақтау, балалар қолын жуу керек. Барлық балабақшаларда өзіндік гигиенасын сақтау керек. Сонымен қатар төсектердегі жабатын постельдің бәрі таза болуы керек.