Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш қыз қашып кетті

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2023
  • 1001

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер әлі іздеп жатыр.

- Манар Мырзакенова 2006 жылы туған. Бойы - 160 см. Дене бітімі орташа, шашы қара. Амина Тезекбаева да 2006 жылы туған. Бойы - 165 см. Дене бітімі арық, шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар. Жұлдызай Дошонова 2006 жылы туған. Сұр түсті спорттық киім киген. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан «102» немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңыраушалуды сұраймыз,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.