Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында шетелдіктер мінген автобус 3 сағат бойы жолда қалды: жолаушылар эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2023
  • 965

9 желтоқсанда "Астана-Петропавл" автожолында 30-ға жуық жолаушы мінген автобус тоқтап қалған. 28 шетелдік жылыту пунктіне эвакуацияланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының жылыту пунктіне Тәжікстан Республикасының 26 азаматы, Өзбекстан Республикасының 2 азаматы оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Эвакуация бүгін сағат 01:00-де, ТЖД күштерімен және Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен "Астана-Петропавл" автожолының бөлігінде орын алған.

Ақмола облыстық ТЖД өкілдері төтенше жағдайға тап болған жағдайда, бұл туралы 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажеттігін еске салды.