Лондон Империялық колледжінің ғалымдары жапырақты көкөністердегі фолий қышқылын тұтынуды арттыру ішек қатерлі ісігің даму қаупін 7 пайызға азайтатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар асжапырақ, орамжапырақ және брокколи секілді жапырақты көкөністердегі фолий қышқылы ішек (колоректальды) қатерлі ісігі қаупін азайтатынын айтты.
Зерттеуге 70 мыңнан аса адам қатысқан. Зерттеу фолий қышқылының әр 260 микрограмы осы типті қатерлі ісіктің даму қаупін 7 пайызға төмендететінін көрсеткен. Бұл мөлшер осы дәруменнің ұсынылатын тәуліктік нормасының (400г) 65 пайызын құрайды.
Фолий қышқылының ішек қатерлі ісігінің даму қаупін азайтуы адам геномындағы нақты аумақ өзгерісімен байланысты. Мұндай трансформация колоректальды қатерлі ісікті басатын нақты механизмдерді іске қосады.
Ғалымдар В9 дәрумені асжапырақ, брокколи, күнбағыс дәндері, тұтас дәнді дақылдар, бұршақтылар және жемістерде, әсіресе цитрустыларда болатынын айтты. Сонымен қатар зерттеушілер жалпы денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керегін ескертті.
Зерттеу нәтижесі The American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған.