Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 желтоқсандағы мәліметінше, тізімде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.