Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қолына "автомат" алып, дрифт жасағандар жазаланды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 474

Алматыда танымал супермаркеттің жанында дрифт жасаған ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, "БМВ" маркалы көлігінің иесі супермаркеттің жанында жол ережесін қатаң бұзған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Жалпы бірнеше бап бойынша 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұл салынған.

Одан бөлек, көлікте отырған жолаушы автоматқа ұқсас затты көрсеткені анықталған.

Ол страйкболдың ойын автоматы болып шыққан. ПД мәліметінше, бұл іске қатысты адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.