Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бұлтартпас шындық". Депутат Қарақат Әбден жасөспірімдер арасында тараған тенденция жайлы айтты

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 777

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден есірткіні жарнамалайтын сайттарды жою керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер белсенді пайдаланушылардың көзқарасын, ұстанымын және көңіл-күйін қалыптастырады. Әсіресе, желілер арқылы ақпарат кәмелетке толмағандар үшін бұлтартпас шындық болып көрінеді. Бұл үрдісті әртүрлі парақшалардың әкімшілері пайдаланып жатыр. Оның бірі балаларды, жастарды "жұмысқа тұрғызамыз әрі оңай қосымша табыс көзін көрсетеміз" деп оларды есірткіні сатуға, наркокурьер қылып жұмысқа алған фактілер өте көп", - дейді депутат Үкімет сағатында.

Әбденннің сөзінше, мұндай ақпарат тарататын сайттарды анықтап, жою керек.

Жыл сайын есірткі қылмысы үшін 3 мыңнан аса қазақстандық сотталады

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, бүгінгі таңда 6 мың есірткі жарнамалаған сайт анықталып, бұғатталды. Тағы 1700-і анықталып, оның алдын алу жұмыстары істеліп жатыр. OLX бойынша ішкі істер министрлігі 4 мыңнан астам адамды (есірткі жасырушы-еск.) анықтаған.