Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында алимент төлемей жүргендерге шара қолданылды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 753

Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде заңға сәйкес атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы қадағалаудағы басым бағыттардың бірі - алимент өндіріп алу.

Облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жандандырды.

"Биыл жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратураның үйлестіру шараларымен алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 28 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркелді, оның ішінде 8 борышкер бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Биыл Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 600 млн тенгеден астам алимент бойынша қарыз өтелді.