Қостанайда жүк көлік жөндейтін ғимаратта жарылыс болып, 13 адам зардап шекті. Ондаған көлік қиранды астында қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыстың нақты неден болғанын тексеріп жатыр. 13 адамға медициналық көмек көрсетілген. Оның жетеуі ауруханаға жатқызылды.Үйінді астынан 3 адам шығарылды. Біреуінің жағдайы ауыр.Тағы нешеуінің қиранды астында қалғаны белгісіз. Кәсіпорын басшысы тізім бойынша 6 адамды түгендей алмағанын айтыпты. Оған қоса көлік жөндетуге келген клиенттер де болуы мүмкін. Қатты жарылыстың салдарынан ғимараттың ортасы опырылып,жүк көліктерге зақым келген. Қатты дүмпуден жақын маңдағы үйлердің терезесі шағылып, тұрғындар үрейін ұшырған.
Қайрат ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ:
Куәгерлердің айтуынша қатты дүмпу болған. Жарылыс газ балон құрылғысынан болуы мүмкін.Бұл енді алдын-ала болжам.Іздестіру жұмыстары 3 жерде жүргізіліп жатыр. Техника жеткілікті. Құтқарушылар кейбір үйіндіні қолмен аршып жатыр.