Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы төтенше жағдай: қаза тапқан үш адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 1238

Қостанайда жарылыс салдарынан қаза тапқан үш адамның денесі табылды - құтқарушылар оқиға орнында іздеу жұмыстарын аяқтады.

Әкімдік баспасөз қызметі өкілдері аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Әкімдік өкілдері өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 263 қызметкері мен 61 бірлік техника жұмылдырылғанын айтты. Еске салайық, бүгін, 11 желтоқсанда Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалғанын жазған едік. Кейін Қостанай облыстық ТЖД екі адамның құтқарылғанын, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ Қостанайда апат орнында бұған дейін ер адамның денесі табылды деген ақпарат қате берілгені туралы хабарланған болатын. Құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды.

"Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.