Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының гран-при иегерлері анықталды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2023
  • 697

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығын табыстады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындар арасында «ПАРЫЗ» сыйлығының Гран-при жүлдесі Қызылорда облысындағы «Абай Дәулет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.

 Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» серіктестігі гран-при жеңіп алды.

«Алтын Сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жобасы» номинациясы бойынша Қостанай облысындағы «ДЕП» компаниясы жеңімпаз атанды.

«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы Маңғыстау облысы, «CleanFieldKazakhstan» компаниясына берілді.